STEPPENEWS.KZ: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия СІМ басшысы Хақан Фиданмен телефон арқылы сөйлесті.
Диалог барысында тараптар Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты пікір алмасып, шиеленісті бәсеңдетудің мүмкін жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, министрлер өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екендіктерін растады. Келіссөздер нәтижесінде екі елдің сыртқы саясат және көлік ведомстволары деңгейінде бірлескен кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

