Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрлігі бірлесе отырып, екі күн ішінде 286 қылмыскерді ұстаған.
Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, 15–16 қазан күндері ТМД елдерінің аумағында қылмыскерлерді анықтау және ұстауға бағытталған «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен.
«Іс-шара аясында Қазақстанға Ресей Федерациясы ІІМ-нің іздестіру тобы келіп, бірлескен жұмыс жүргізді. Ал өз кезегінде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жедел топтары Ресей аумағына барып, ұқсас операциялар өткізген» — деп хабарлайды дереккөз.
Екі күннің ішінде 286 қылмыскер ұсталып, 55 хабар-ошарсыз кеткен адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған бала табылды.