Кездесу конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтті.
Негізгі назар атом өнеркәсібі және ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытуға аударылды.
Тараптар мына мәселелерді қарастырды:
— атом саласын реттеу және қадағалау тәжірибесімен алмасу;
— ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
— экологиялық мониторинг пен радиоактивті материалдарды басқару;
— мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру;
— заманауи технологияларды енгізу және әртараптандыру перспективалары.
— Қазақстан мен Әзербайжан — бауырлас елдер. Бізді тарихи байланыстар мен қауіпсіз әрі бейбіт атом энергетикасын дамытуға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Тәжірибе алмасуды жалғастырып, мемлекеттеріміз бен өңірдің игілігі үшін ынтымақтастықты күшейтуге ниеттіміз, — деді Алмасадам Сәтқалиев.
Кездесу қорытындысында тараптар әріптестік қатынастарды тереңдетуге мүдделілік танытып, өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін растады.
Айта кетелік МАГАТЭ Абай облысында АЭС салу идеясын мақұлдады.

