STEPPENEWS.KZ: Қазақстан сатып алу қабілетінің паритеті (СҚП) бойынша жалпы ішкі өнім көлемімен әлемдегі экономикасы ауқымды 40 елдің қатарына кіріп, 36-орынға орналасты.
Деректерге сәйкес, ел экономикасының көлемі шамамен 973 млрд долларды құрайды. Бұл көрсеткіш Орталық Азиядағы бірқатар мемлекеттерден жоғары.
Әлемдік экономиканың жалпы көлемі шамамен 219 трлн доллар. Соның жартысына жуығы Азия елдерінің үлесінде.
Көш бастап тұрған елдер:
-
Қытай — шамамен 43,5 трлн доллар
-
АҚШ — 31,8 трлн доллар
-
Үндістан — 19 трлн доллардан аса
Ал алғашқы ондыққа Ресей, Жапония, Германия, Индонезия, Бразилия, Франция және Ұлыбритания да кіреді.
Қазақстан бұл тізімде Сингапур мен Румынияның арасында тұр. Оған жақын орындарда Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланды, Колумбия және Оңтүстік Африка Республикасы бар.

