Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында биіктікке секіруден қыздар арасында үздіктер анықталды, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық жеңіл атлеттер екі бірдей жүлдеге қол жеткізді.
«Ольга Изюмникова мен Милена Мерц қола медаль иегерлері атанды. Екі спортшы да ең үздік секіруінде 1.65 метр нәтижесін көрсетті», — деп жазылған хабарламада.
Алтын медальді Кувейт спортшысы Ясмин Рой жеңіп алды — 1.73 метр. Тайбэйлік Чао-Тин Чен 1.69 метр нәтижемен екінші орынға табан тіреді.
Еске сала кетейік, бұған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Васенкин жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын жүлде жеңіп алды. Жерлесіміз 55 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Сонымен қатар Альбина Жуминова муай-тайдан чемпион атанды. Қазақстан өкілі 51 келіге дейінгі (16-17 жас) салмақ дәрежесінде сенімді түрде жеңіске жетті.
