STEPPENEWS.KZ: Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жалпы 10 275 Қазақстан Республикасының азаматы елге қайтарылды. Эвакуация әртүрлі маршруттар арқылы, оның ішінде жер және әуе жолымен жүргізілді.
Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті билік органдарымен үйлестіру жүргізіп, отандастармен тұрақты байланыста болып, азаматтарға қажетті көмек көрсетті.
Сыртқы істер министрлігі қауіпсіз қайтаруға қолдау көрсеткен мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестерге алғысын білдіреді.

