STEPPENEWS.KZ: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен терроризмге қарсы арнайы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық командаларды құттықтады.
Беделді турнирде Kazakhstan C командасы абсолютті чемпион атанса, Kazakhstan A құрамасы жалпы есепте екінші орынды иеленді.
Мемлекет басшысы Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінен құралған жасақтың кәсіби шеберлігі, жауынгерлік әрі физикалық дайындығы жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сонымен қатар ол сарбаздардың отаншылдық рухы мен жеңіске деген табандылығына ерекше тоқталды.
Президент 48 елден 109 команда қатысқан халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғаған арнайы жасақ жауынгерлеріне лайықты құрмет көрсетілетінін жеткізді.

