STEPPENEWS.KZ: Google Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жасанды интеллектінің Gemini моделін қазақ тілінде іске қосты. Қазақ тілі Gemini-дің 3-буыны аясында қосылған 23 жаңа тілдің қатарына енді.
Бұл жаңашылдық қазақстандық пайдаланушыларға Gemini мүмкіндіктерін өз ана тілінде, әлемдік деңгейде қолдануға жол ашады. Қазіргі таңда қазақ тіліндегі интерфейс веб-нұсқада қолжетімді, ал алдағы уақытта Android, iOS және Gemini Live сервистерін қолдау жоспарланып отыр.
Министрліктің мәлімдеуінше, жаһандық ЖИ шешімдерінің қазақ тілінде қолжетімді болуы цифрлық мемлекетті дамытуға, технологиялардың қолжетімділігін арттыруға және бәсекеге қабілетті AI-экожүйе қалыптастыруға маңызды серпін береді.

