STEPPENEWS.KZ: Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахим Дубайда әлемге әйгілі актер Уилл Смитке қазақтың дәстүрлі шапанын жауып, ерекше құрмет көрсетті. Бұл сәт түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көп қаралым жинап, қызу талқылануда.
Айта кетейік, бұған дейін Дастан Мұхамедрахим Қазақстанды әлемге танытқан бейнероликтерімен танылған. Оның ел туралы видеолары Instagram желісінде 58 миллионнан астам қаралым жинап, халықаралық аудиторияның назарын Қазақстанға аудартқан еді.

