Құқық қорғау органдары қазақстандықтарды сақ болуға және алаяқтардың айла-шарғысына алданбауға шақырады.
Otyrar.kz алаяқтардың құрбаны болмау үшін қаржы пирамидасының негізгі белгілерін білу маңызды екенін атап өтті, оларды көбінесе мынадай белгілер арқылы анықтауға болады:
- қатысушылар алғашқы жарна төлеуді талап етеді;
- нарық бағамынан едәуір жоғары кірісті уәде етеді;
- әлеуметтік желілерде агрессивті жарнаманы белсенді түрде пайдаланады;
- жаңа қатысушыларды тартқаны үшін бонустар ұсынады;
- компанияның қызметі, басшылығы және қаржылық жағдайы туралы ашық ақпарат болмайды;
- ұйым халықтан салым қабылдауға лицензия алмайды.
«Инвестициялық немесе қайырымдылық жобаларының атын жамылғанына қарамастан, қаржы пирамидасының жұмыс принципі әрқашан бірдей: бір қатысушыға төлемді басқалардың қаражаты есебінен беріледі. Алғашқы салымшылар шынымен де уәде етілген пайданы алуы мүмкін, бірақ бұл пайда жаңа қатысушылардың қаражатынан ғана алынады», — деп жазды басылым.
Мұндай схемаларды ұйымдастырушылар IT технологияларын, психологиялық ықпал ету әдістерін, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді белсенді түрде пайдаланады. Табыс нақты өнімді немесе қызметті сатуға негізделген желілік маркетингтен айырмашылығы, қаржы пирамидасы жаңа адамдардың ақшалай инвестициясы есебінен ғана күн көреді.
«Соңғы кезде алаяқтар пирамида схемаларын букмекерлік кеңселер немесе инвестициялық платформалар ретінде бүркемелеп жүр. Олар клиенттерге мессенджерлер арқылы жалған чектер жіберіп, лицензиясыз «кепілдендірілген ұтыс» ұсынуы мүмкін. Басқалары өз схемасын жоғары кірісті онлайн жобаларға «инвестиция тарту» ретінде ұсынады, бірақ көп сома жинағаннан кейін ұйымдастырушылар жоғалып кетеді, ал жоба өз жұмысын тоқтатады», — деп жазды басылым.
Қаржы пирамидасын құру және оларға қатысу қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады. ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес, мұндай қылмысқа 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

