Қаржы мониторинг агенттігінің Қарағандыдағы департаменті «Takorp» қаржы пирамидасына қатысты тергеуді аяқтады.
Қаржы пирамидасы елге жақсы көріну үшін жетімдер үйіне барып, қайырымдылық жасап отырған.
«Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестиция ретінде тартқан. Олар 30-дан 50 мың АҚШ долларына дейін инвестиция салып, 100% кіріс уәде еткен. Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген, онда алты бонус деңгейінен тұратын матрицалық жүйе («VIP-1» – «VIP-6») қолданылған», — деп хабарлайды ҚМА.
Жиналған ақшаны криптовалютаға айналдырып, жылыстатқан. Оң имидж қалыптастыру үшін олар жетімдер үйіне барып, қайырымдылық жасап тұрған.
«Жалпы, осы «Takorp» пирамидасы 117 адамды сан соқтырған. Сот санкциясымен 32 мың долларға тең криптовалютаға тыйым салынды», — деп хабарлайды ҚМА.
Екі күдікті ешқайда шықпау туралы қолхат берген.