Қарағанды облысының тұрғыны кеңес дәуірінен қалған паспортын тек биыл ғана жаңа куәлікке ауыстырды, деп хабарлайды «Индустриальная Караганда» басылымына сілтеме жасап.
47 жыл кеңестік құжатпен жүрген
Ольга Кирихкеслер есімді әйел паспортты 1978 жылы алған және сол уақыттан бері оны Қазақстанның жеке куәлігіне ауыстыру мүмкіндігі болмаған.
«1978 жылы паспорт алған едім, содан бері оны уақытында алмастыра алмадым. Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз — олар жағдайыма түсіністікпен қарап, маған көмектесті», – дейді Ольга Кирихкеслер.
Әйел көші-қон қызметінің мамандарына жедел әрекет еткені мен мейірімді көзқарасы үшін ризашылығын білдірді. Соның арқасында ол кеңестік үлгідегі 1974 жылғы паспортты жаңа куәлікке ауыстырып, Қазақстан азаматтығын ресми түрде алды.
142 адам азаматтық алған
Бұл жағдай – аймақтағы жалғыз мысал емес. Қарағанды облысында биыл осындай жағдайда болған 142 адам Қазақстан азаматтығын алған. Бұған дейін олар түрлі себептермен жеке куәлік ресімдемеген.
Өткен жылы да өңірде 112 адам кеңестік паспортын жаңа құжатқа ауыстырған.
Миграциялық қызмет өкілдері мұндай азаматтармен жүйелі жұмыс жалғасып жатқанын айтады. Құжат мәселені шешу — олардың елдегі әлеуметтік және құқықтық жағдайын реттеуге мүмкіндік береді.

