Қарағанды облысында ұлттық паркте Қазақстанның Қызыл кітабына енген арқар фототұзаққа түсіп қалды.
Кадрды «Бұйратау» ұлттық паркінің «Белодымовский» филиалы жариялады.
«Бұйратау» МҰТП» РММ «Белодымовский» филиалының фототұзақ объективіне арқар түсіп қалды. Ол – қазақ даласында сирек кездесетін, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануар», — дейді мамандар.
Кадрда ол табиғат аясында алаңсыз тұр, өзін осы жердің нағыз иесі сезінетіндей әсер қалдырады.
Фотоматериалдарды филиалдың аңшылықтанушысы Т.Г.Ковальчук ұсынды.
Еске сала кетейік, «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстаның Қызыл кітабына енгізілген дала қыраны фототұзаққа түскен болатын.
Дала қыраны ұяны әдетте ашық далалы, жартылай шөлейтті немесе жазық жерлерде салады. Ұяларды кейде жерге, кейде биік бұталарға немесе тастардың үстіне орналастырады.

