STEPPENEWS.KZ: Танымал қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды.
Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.

Мәліметтерге сәйкес, Қамза Қайсар Бақытжанұлына қатысты іздеу 10 қаңтарда тіркелген. Іздеу шараларын Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта іздеудің себептері мен істің басқа да мән-жайлары туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

