Әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас жақында жұбайының аяғы ауыр екенін жария еткен еді. Ол бүгін әке атанғанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
«Қош келдің, Әміре. Ең керемет сыйлық үшін алғыс», — деп жазған ол әлеуметтік желіге.
Немересін перзентханадан шығарып алуға продюсер Гүлзира Айдарбекова да келген.
Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін босанғаны хабарланған болатын.