STEPPENEWS.KZ: Астана әуежайында «Қайрат» футбол клубының дәрігері сәтсіз қалжыңынан кейін ұшаққа жіберілмей, рейстен түсірілді. Оқиға 28 ақпанда Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчтан соң болған. Бұл кездесуде алматылық команда қостанайлық «Тобылдан» жеңілген. Бұл туралы STEPPENEWS.KZ Nege Media-ға сілтеме жасап хабарлады.
Көлік полициясының мәліметінше, Астана – Алматы бағыты бойынша рейске отырғызу алдында жолаушыдан тексеру барысында тыйым салынған заттар туралы стандартты сұрақ қойылған. Сол сәтте ол өзімен бірге «бомба» алып келе жатқанын айтқан.
Осыдан кейін полиция қызметкерлері оның қол жүгін және жеке заттарын мұқият тексерген. Алайда қауіпті ештеңе табылған жоқ.
Аталған әрекетке байланысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданады.

