Алматының «Қайрат» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымында чемпион атанды.
26 қазанда Орталық стадионда өткен соңғы тур матчында «Қайрат» өз алаңында «Астанамен» кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Бұл нәтиже алматылық командаға чемпиондық атағын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Алғашқы голды 15-минутта «Астана» ойыншысы Марин Томасов соқты. Екінші таймда алаң иелерінен Дастан Сатпаев жауап голын соғып, есепті теңестірді. Ойын қорытындысы өзгермеді.
Осылайша, «Қайрат» қатарынан екінші рет және тарихында бесінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды.
