Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан «Қорқыт-қобыз» әнін орындаймын деп жұрттың сынына ұшырады.
Соңғы уақыттары әншілікке бет бұрып жүрген Мөлдір Мұқан телебағдарламалардың бірінде өзі бұрын орындамаған «Қорқыт-қобыз» әнін шырқайды. Дегенмен оның бұл өнері жұрттың көңілінен шыға қойған жоқ.
«Мына әнді естіген Қорқыт атамыз шошып оянған шығар», «Қор болған сахна», «Мына әнді қор қылды ғой. Әнде нең бар», «Сахнаның сәні кетті кім көрінгеннің айқайлай беретін орны болды», «Қоя қойшы қалқам, масқара болмай», «Бұл әнді тек Гүлнұр Оразымбетова ғана өз мәнінде орындайды», «Мөлдір әнді қорлама, сен Гүлнұрдай әнші емессің ғой», «Шамасына неге қарамайды», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан отбасылық өміріне қатысты алып-қашпа әңгімеге пікір білдірген. Кейінгі уақытта желіде Тұрсынбек Қабатовтың «тоқал» алғаны туралы әңгіме желдей ескен.