Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықты екі адамға табыстады.
Ақорда хабарлағандай, бұл мемлекеттік сыйлықты «Қазақстан археологиясы. Деректер мен зерттеулер» сериялық басылымы» тақырыбы бойынша жұмысы үшін «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының» бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев иеленді.
Сондай-ақ «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XV – XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ Мемлекеті» тақырыбындағы жұмысы үшін «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» Заманауи зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), профессор Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы Сыдықназаров та осы мемсыйлықтың иегері атанды.
