«Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, осы жиында Президент әлеуметтік көмекті шынымен мұқтаж азаматтар ғана алуы тиістігін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев саябақта жергілікті зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты.

