Атырауда пранк мақсатында «қыз алып қашқан» блогерлер жауапқа тартылды.
Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше, үш блогерге «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айып тағылған.
«2025 жылғы 14 қазанда Атырау қаласындағы дәмхананың алдында, қоғамдық орында қызды күштеп көлікке отырғызу арқылы олар алдау-қалжың (пранк) бейнежазбасын түсіруге тырысып, қоғамдық тәртіпті бұзды және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзды», — деп жазылған хабарламада.
Блогерлердің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, фотосуретпен, бейнежазбамен және басқа да материалдармен толық дәлелденді.
«Сот үкімімен құқық бұзушылар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», — деп атап өтті сот.
Айта кетері, ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 20 сағаттан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 5-тен 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікті көздейді.
Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.
