Полицейлер бір күннің ішінде мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы екі жалған хабарламаны анықтады.
Полицияның мәліметінше, бірінші жағдай Петропавл қаласында тіркелген. 112 нөміріне орта мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына дереу полиция мен жарылғыш заттарды залалсыздандыру мамандары келгенімен, күдікті заттар табылмады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында жалған хабар таратқан адамның 9-сынып оқушысы екені анықталды. Оның психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды.
Осындай тағы бір жағдай Алматы облысының Қарасай ауданында тіркелген. Белгісіз адам Қаскелең қаласындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Тексеру кезінде ешқандай бомба табылмады, ал көп ұзамай полицейлер 16 жастағы жасөспірімді ұстады.
Аталған екі факт бойынша да қылмыстық іс қозғалды.