Полиция елордалық жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертті, ІІМ ведомстволық сайтына сілтеме жасап.
«Астана қаласында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты полиция қызметкерлері жол апаттарының алдын алу мақсатында жүргізушілерге ерекше сақ болуды ескертеді», — деп жазылған хабарламада.
Полиция жолға шығар алдында көлік жүргізушілеріне ауа райы жағдайын ескеріп, жылдамдық режимін және көлік арасындағы қашықтықты қатаң сақтауды ұсынды.
Сонымен қатар Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес, автокөліктер қысқы шиналармен жабдықталуға тиіс.
«Астанада ауа температурасы әдетте ерте төмендейтінін ескерсек, шиналарды желтоқсан айына дейін ауыстырып үлгеру маңызды. Осыған байланысты полиция көлік иелерін қысқы маусымға алдын ала дайындалуды және барлық қажетті қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырады», — деп атап өтті полиция.

