Павлодар қаласындағы бір мектептің жанында тырдай жалаңаш жүгіріп жүрген ер адамның видеосы тарады.
tipavlo телеграмм-арнасындағы видеоның авторы оғаш қылық танытып жүрген кісіні мектептің жанынан көргенін айтып, жазба жариялаған. Кейін полиция видеодағы адамды тауып, оны полицияға жеткізген.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, ер адамды алдымен дәрігерлер қараған. Кейін оның үстінен әкімшілік іс қозғалған.
«Оның үстінен «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Іс материалдары сотқа кетті, шешімді сот шығарады», — деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаменті.
Айта кетейік, жазда осылай заң бұзған қызылордалық бір азамат 55 мың теңге айыппұл арқалаған еді.

