Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Лувр мұражайынан ұрланған қымбат қазынаны сатып алып, сақтауды қалайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Дуров құнды заттарды сатып алса, оларды Абу-Дабидегі Лувр филиалына тапсыратынын атап өтті. Ол жақтан ешкім «ұрлап кете алмайды» деп сендірді.
Ол бұл жағдайға мүлдем таң қалмағанын, тіпті «Францияның құлдырауының белгісі» деп бағалады. Оның пікірінше, француз билігі нақты мәселелерді шешпестен, азаматтардың назарын елеусіз қауіптерге бұруда.
Еске салсақ, Парижде әлемдегі ең әйгілі мұражайлардың бірі Луврды қарақшылар 7 минутта тонап кеткен. Сарапшылардың айтуынша, ұрланған бұйымдардың жалпы құны кемінде 60 миллион еуроға тең. Ұрылар Наполеон әулетіне тиесілі бағалы бұйымдарды алып кетті.