STEPPENEWS.KZ: Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау үшін кейбір от шашу құралдарына тыйым салынады.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов, жаңа жылда қандай феерверктер үшін айыппұл салынатынын түсіндірді.
«Жаңа жылға қатысты тоқталсақ, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу іс-қимылдарына ерекше екпін қоямыз. Мұнда заңдылық пен тәртіп үстемдік етуі керек. Аулалардың тазалығын бұзбайтын немесе басқа азаматтарға қауіп төндірмейтін шағын отшашуларға ешқандай кедергі жоқ. Дегенмен, азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төндіретін, сондай-ақ аулаларды ластайтын тыйым салынған отшашуларға әкімшілік кодекс аясында жаза қарастырылған», — деді С. Әділов.
ІІМ мереке күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға және заң талаптарын орындауға шақырады.

