STEPPENEWS.KZ: Денсаулық сақтау министрлігі Oreo печеньесіне қатысты қауесеттерді жоққа шығарды.
Әлеуметтік желілерде Oreo печеньесінің кремді салмасы «пластик желімнен жасалған» әрі «қан тамырларын бітейді» деген мәлімдемелер тараған. Алайда министрлік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің дерегінше, аталған өнім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде сатуға рұқсат етілген және зертханалық тексерулерден өткен. Тексеру нәтижесінде қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталмаған.
Ведомство азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

