Жетісу облысында 28 жастағы ер адам есірткі ұсталып, қамауға алынды.
Жетісу облысында есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында кезекті сәтті операция өткізілді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талдықорған қаласында Көксу ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде оның үстінен қара изолентаға оралған 20 зип-пакет табылып, ішінен жалпы салмағы 39 грамнан асатын синтетикалық каннабиноид тәркіленді.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, күдікті қамауға алынды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес, есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасын көздейді.
Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндер үшін заңның қатал әрі бұлтармас екенін ескертеді.
Есірткі – қазіргі қоғамның ең қауіпті дерті, ол әсіресе жастардың өмірін бұзады, тағдырын тәлкекке салады. Полиция қызметкерлері есірткі таратумен күресті басты басым бағыттардың бірі ретінде жалғастыруда», — делінген облыстық ПД хабарламасында
Полиция азаматтарды қырағы болуға және есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген дерек туралы хабарлауға шақырады. Тек бірлесіп қана осы қауіпті тәуелділіктің таралуына тосқауыл қоя аламыз.
