2024 YR4 астероиды 2024 жылы табылды. Бастапқыда оның жерге соғу ықтималдығы шамамен 3% деп есептелді. Кейін бұл қауіп жоққа шығарылды. Дегенмен, ғалымдар 2032 жылдың аяғында айға әсер етуі шамамен 4% екенін ескертеді.
— Ғалымдар 2024 YR4 аймен соқтығысуының алдын алудың екі нұсқасын ұсынды. Біріншісі — астероидтың орбитасын өзгерту болса, екіншісі — ядролық қарумен аспан денесін жою. Соңғы нұсқа үшін бір мегатонналық ядролық бомба жеткілікті, — делінген ақпаратта.
Команда астероид туралы түпкілікті шешімді 2028 жылдың соңында, ол жерге жақындағаннан кейін ұсынады.
Бұған дейін NASA адамдарды Марсқа қашан жіберетінін мәлімдеді.

