Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әріптесі Мұқасан Шахзадаевтың сыйлығына ерекше қуанды.
Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде видео жариялап, Мұқасанның көзілдірігін ұнатқанын жеткізді.
«Түркістанда тойда отырмыз. Мұқасанның көзілдірігіне қызығып отырмын. Төрт түске ауысады екен. Америкадан алыпты. Маған да тапсырыс беретін болды. Күшті. Телефон секілді қуатталады екен», — дейді әнші.
Осы кезде тамақтанып отырған Мұқасан Шахзадаев көзілдірікті сыйлық ретінде алып беретінін айтты.
«Сізге тапсырыс емес, сыйлық ретінде алдырамын. Бір көзілдірік алып бере алмасам, не істеп жүрмін?!», — дейді өнер иесі.
Видеодан Мақпал Жүнісованың бұл жаңалыққа қатты қуанып қалғанын байқауға болады. Халық әртісі «Мәссаған! Маған сыйлық жасамақшы», — деп, сенер-сенбесін білмей, таң қалып қалады.
«Қазағымның мәрт азаматы. Сені Мұқасан қуантса, Мұқасанды құдай қуантып, еселеп қайтсын! Құтты болсын! «Қазақтың мәрт жігіттері аман жүрсін! Сыйлық алуға лайықты жансыз! Жарқырап жүре беріңіз! Құтты болсын! Осындай мәрт інілеріңіз аман-есен болсын», — деп жазды желі қолданушылары.