Продюсер Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовты қатты сағынатынын айтты.
«Бір күні Тұрсынбектен СМС келді, «сонымен не істейміз, ажырасамыз ба?» деп жазыпты. Көңілдесі бар екен, пәтер, көлік алып берген. Қымбат тон, бриллиант – қазір бәрі соның үстінде. Маған өте ауыр. Өлемін деп, секіріп кетуге дайын болдым. Екеуі шетелге де барып келген», — дейді Мөлдір Мұқанова.
Айтуынша, бұл тақырыптың басталғанына 14 жыл болған.
«Арамызда ештеңе қалған жоқ. Қазір балалар көп жылайды, сағынады. Фотоға түсіп, әкеме жібер деп жатады. Әкесіне фото қызық емес. Фото жібере алмаймыз, себебі бәріміз блоктамыз. Тұрсынбекпен өткізген әдемі сәттерді сағынамын. Кездесейік деп жаздым. Себебі мен оны сағынып тұрамын. Бірақ кешірім сұрап келген Тұрсынбек болмады», — деген продюсер көз жасына ерік берді.

