Мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ұйымдар жеке-жеке мобилді қосымша әзірлеуді тоқтатып, eGov және Aitu қосымшаларына бірігеді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өтетін Цифрлық штаб отырысында белгілі болды.
Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, бұл қадам азаматтар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған.
«Барлық мемлекеттік органдар мен олардың бағынысты ұйымдары жеке мобильді қосымшаларды әзірлеуді тоқтатып, барлық цифрлық қызметті eGov және Aitu платформалары арқылы жүзеге асыруы тиіс. Бұл шешім азаматтар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған», — деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.