STEPPENEWS.KZ: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Чуньцзе мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы достық пен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қазақ-қытай қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол Си Цзиньпиннің екі ел арасындағы байланысты нығайтуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.
« Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын, – деп жазылған жеделхатта.», – делінген жеделхатта.

