STEPPENEWS.KZ: Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді туған күнімен құттықтады.
Жеделхатта Президент Корея Республикасының Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуетін одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. Сонымен қатар, Корея Президентімен бірлесе отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне табыс тілеп, Корея халқына амандық пен береке тіледі.

