STEPPENEWS.KZ: 2026 жылғы 20 ақпанда Вашингтон қаласында өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Халықаралық саммитте жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, іс-шараны ұйымдастырғаны үшін АҚШ Президенті Дональд Трампқа алғыс айтты. Тоқаев өз сөзінде Бейбітшілік институтында өтіп жатқан кездесудің маңызын атап өтіп, оның нақты әрі прагматикалық шешімдер қабылдауға бағытталғанын жеткізді.

Өз кезегінде Дональд Трамп Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаһандық тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанды бай әрі керемет мемлекет деп атады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызына тоқталды.

