Мексиканың солтүстік-батысындағы Эрмосильо қаласында қайғылы оқиға орын алды. Дүкендегі жарылыс пен одан кейінгі өрттің салдарынан кемінде 22 адам, оның ішінде төрт бала көз жұмды, деп хабарлайды Lenta.ru.
Құтқарушылардың мәліметінше, өрт дүкеннің кіреберісінен басталып, көптеген адам сыртқа шыға алмай қалды. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап, жалынның көршілес ғимараттарға таралуына жол бермеген.
Түрлі дәрежеде күйік шалған тағы 12 адам ауруханаға жеткізілді.
Тергеу органдары оқиғаға қатысты тексеріс бастады. Техникалық ақаулық пен ғимаратта тез тұтанатын материалдардың болуы трагедияның негізгі себептерінің бірі ретінде қарастырылуда.

