STEPPENEWS.KZ: Алматыда Жаңа жыл демалысында жолдағы қозғалыс артты
Бұл туралы Sergek Group хабарлады. Мамандардың дерегінше, 28 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығындағы жол жағдайы соңғы екі жылда қалыптасқан үрдісті қайталаған.
Ең жоғары көлік ағыны Жаңа жыл алдындағы соңғы жұмыс күні тіркелген: 2024 жылы — 30 желтоқсанда (1,68 млн сапар), 2025 жылы — 29 желтоқсанда (1,56 млн сапар).
Негізгі көшелердегі орташа тәуліктік трафик 12,5%-ға, ал қалаға кіріп-шығатын бағыттардағы қозғалыс 12%-ға артқан.
1 қаңтар дәстүрлі түрде жылдың ең тыныш күні болып қала береді: жолда 380–420 мыңға жуық көлік қозғалады. Алайда 2026 жылғы 1 қаңтар күні сағат 01:00-де 4,5 мың автомобиль тіркеліп, бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық көп болған.
2 қаңтардан бастап қозғалыс шамамен 10%-ға өссе, 3 қаңтарда тағы 20%-дық күрт арту байқалады. Сарапшылар мұны қонаққа бару, сауда орталықтарына және қала сыртына шығумен байланыстырады.

