Бүгін 21 қазан күні «Қайрат» клубы өз алаңында УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші кездесуін өткізеді. Алматы командасының қарсыласы – Кипрдің «Пафос» клубы.
Матч қашан басталады
Группалық кезеңнің үшінші турындағы ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 21:45-те басталады.
Матчты қайдан көруге болады
Кездесудің ресми тікелей эфирін республикалық «Qazaqstan» телеарнасы көрсетеді.
Алдыңғы ойындардың нәтижесі
Бұған дейінгі турларда «Қайрат» «Спортингке» 1:4 есебімен, ал «Реалға» 0:5 есебімен есе жіберген. Ал «Пафос» «Олимпиакоспен» 0:0 есебімен тең ойнап, «Бавариядан» 1:5 есебімен ұтылған.
Айта кетейік, «Қайрат» – «Пафос» ойынына байланысты Алматы қаласында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.