Екі адамның өмірін қиған жол апаты Бейнеу-Шетпе-Ақтау тас жолында болды. Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Полицияның мәліметінше 26 қазанда шамамен таңғы сағат 7:30-да кезекшілік пунктіне Бейнеу-Шетпе-Ақтау тас жолында жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Mercedes-Benz жүргізушісі жылқыны қағып кеткені анықталды. Оның артынан келе жатқан Nissan Teana да малмен соқтығысқан.
Апат салдарынан Mercedes-Benz көлігіндегі екі жолаушы көз жұмды.
«Жол апаты фактісіне қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады ведомство.
