STEPPENEWS.KZ: Танымал британдық The Telegraph басылымы жариялаған «Өміріңізде міндетті түрде бару керек 10 шөл» атты материалда Қазақстанның Маңғыстау өңірі әлемдегі ең ерекше табиғи бағыттардың бірі ретінде көрсетілді.
Басылым Маңғыстаудың қайталанбас ландшафттарын, тұмса тыныштығы мен шексіз кеңістігін, сондай-ақ минимализмге тән табиғи сұлулығын айрықша атап өткен. Әлемнің әйгілі шөлдерімен қатар аталу — өңірдің туристік әлеуеті халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанының айқын дәлелі.
Маңғыстау — жай ғана шөл аймағы емес. Бұл — ежелгі өркениеттердің ізі қалған мекен, ерекше шатқалдар мен ақтасты таулар өлкесі, рухани және экспедициялық туризмге сұранып тұрған бірегей кеңістік. Осындай халықаралық жарияланымдар Қазақстанды жаңа туристік бағыт ретінде жаһандық аудиторияға кеңінен танытып, елге келетін саяхатшылар ағынын арттыруға ықпал етеді.
Қазақстанның табиғи мұрасы әлем назарында. Соның жарқын мысалы — Маңғыстау.

