STEPPENEWS.KZ: Қазақстан бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жемқорлық фактілері анықталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, жыл басынан бері жүргізуші куәлігін рәсімдеу кезінде авто-мектептермен байланысты бірнеше пара алу жағдайлары тіркелген.
Назар аударарлық деректер:
Астана қаласында мамандырылған ХҚКО қызметкері заңсыз түрде жүргізуші куәліктерін беру үшін жүйелі түрде пара алып отырған. 100 млн теңгеден астам қаражатқа қатысты 60-тан астам факт дәлелденген.
Көкшетау және Екібастұз қалаларында «Азаматтарға арналған үкімет» филиалдарының басшылары жалған емтихан тапсыруға ақша алған.
Астана, Шымкент және Тараз қалаларындағы филиалдарда лауазымды тұлғалар жылжымайтын мүлікті жедел рәсімдеу үшін қаражатты заңсыз иемденген.
Қазіргі уақытта осы фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

