STEPPENEWS.KZ: Үкімет «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтына» құрал-жабдық сатып алып, зертханаларды жаңғырту үшін 1,1 млрд теңге бөлді. Қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Бөлінген қаражатқа теңізді зерттеуге арналған заманауи құрылғылар алынып, гидробиология және гидрохимия зертханалары жаңартылады.
Жоба қазақстандық сектордағы Каспий теңізі экожүйесінің жағдайын жүйелі түрде бақылауға және теңіз ортасының ахуалы жөніндегі ғылыми деректерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Экология министрлігіне жобаны жүзеге асыру тапсырылса, Қаржы министрлігіне қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау жүктелді.

