STEPPENEWS.KZ: Израиль Иран аумағына алдын ала соққы жасады. Тегеранда жарылыстар болып, қала бетінде түтін көріне бастаған.
Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Тегеранда түтін шығып, кем дегенде екі жарылыс болғаны туралы хабар берді.
Израиль соққысынан кейін Иран жауап ретінде жақын арада Израильге зымыран және дрон арқылы шабуыл жасауы мүмкін.
Сонымен қатар Израиль зымыран шабуылына дайындық жасап, төтенше жағдай жариялады. Тель-Авив қаласында әуе шабуылы сиреналары қосылды. Билік тұрғындарға қауіпсіз жерде болу туралы ескерту хабарламасын жолдады.
Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған еді.

