Газа секторындағы соғысты тоқтату бойынша келісім тағы да бұзылды. Израиль әскері анклавқа әуе шабуылын жасады, деп хабарлайды ВВС-ге сілтеме жасап.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху ХАМАС қозғалысы бітім шарттарын бұзып, кепілге алынғандардың денесін қайтару туралы жалған ақпарат бергенін мәлімдеді.
ХАМАС бақылауындағы дереккөздерге сүйенсек, шабуыл салдарынан кемінде 33 палестиналық қаза тапты. Әуе соққылары Газа, Бейт-Лахия, әл-Бурейдж, Нусейрат және Хан Юнисте орналасқан үйлер мен мектептерге тиген.
Израиль тарабы ХАМАС-ты бітім шарттарын бұзды деп айыптады. Ұйым бір тұтқынның орнына бұған дейін табылған басқа адамның сүйегін қайтарған. Сот сараптамасы қайтарылған қалдықтар 2023 жылы Nova фестивалінде қаза тапқан Офир Царфатиге тиесілі екенін анықтаған.
Бітім АҚШ-тың арағайындығымен 10 қазанда күшіне енген еді. Алайда екі тараптың бір-бірін айыптауы атысты тоқтату режимінің бұзылғанын көрсетті.
