STEPPENEWS.KZ: Иранның Минаб округіндегі «Шаджаре Тайебе» бастауыш мектебіне жасалған соққы салдарынан қаза тапқан оқушылар саны 148 адамға жетті. Жергілікті билік өкілдері тағы 95 баланың жараланғанын хабарлап отыр.
Mizan агенттігінің мәліметінше, бұған дейін Иран СІМ ресми өкілі Исмаил Багаи құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін ескерткен. Иран Президенті Масуд Пезешкиан елдің оңтүстігіндегі оқу орнына жасалған бұл шабуылды варварлық және адамгершілікке жат әрекет деп айыптады.

Қайғылы оқиға АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бастаған «Эпикалық қаһар» операциясы кезінде орын алды. Бұған жауап ретінде Ислам революциясының күзет корпусы АҚШ-тың Қатар, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әскери базаларына, сондай-ақ Израиль аумағына соққы берді.

