STEPPENEWS.KZ: Ираннан ұшырылған Shahed-136 дрондары Нахчыван халықаралық әуежайына құлады. Құлау орнынан жақын жерде мектеп болғандықтан оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды. Расталмаған ақпарат бойынша, екі адам зардап шекті.
Әуежай инфрақұрылымына зақым келген, ал тағы бір дрон Шекерабад ауылындағы мектептің маңына құлаған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі жіберілді.
Бакуда бұл әрекеттердің халықаралық құқыққа қарсы келетіні және өңірдегі жағдайды шиеленістіретіні айтылды. Оқиғаға байланысты Иран елшісі Моджтабу Демирчилу СІМ-ге шақырылды. Әзербайжан Тегераннан тергеу жүргізуді және осындай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз етуді сұрады. Сонымен бірге, өздерінің кері жауап беру құқығын сақтайтынын айтты.
Нахчыван әуежайы Иран шекарасынан шамамен 10 км қашықтықта орналасқан. Әзербайжан АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысына қатыспайды.

