Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлының неліктен көзілдірік тағып жүретінін түсіндірді.
«Қытайға ұшамыз деп асығып келе жатып, джиппен жол апатына ұшырадық. Көліктен түк қалмай, шелпек секілді жапырылып қалды. Бірақ құдай сақтап, Қайрат ауыр соққыдан терезеден ұшып түсті. Сынған әйнектер денесіне, қасының астына қадалып қалды. Содан тыртық пайда болды. Көзілдірікті сол үшін тағып жүреді», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Оның айтуынша бұл оқиға әншінің өмірі туралы «Өкініш» фильміне арқау болған.
«Өкініш» фильмінде көліктің қалай аударылғанын, өзім сол сәтте қандай күйде болғанымды айнытпай түсірдім. Тіпті жүрегім сезіп, телефон соққаныма дейін көрсеттім», – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова алдағы уақытта балаларынан бөлек шығатынын айтқан болатын.
«2-3 жылдан кейін Нұрекең екеуміз балалардан бөлек шығамыз. Екі қаланың ортасында жүрміз. Келіндерім Әйгерім мен Индираның әбден шайын ішіп алайын. Олар да бөлек шығамыз деп айтпайды. Қазір Нұрекең екеуміз шаруаларымызды бітіре алмай жүрміз. Сосын бөлек тұрғымыз келеді», – деді Гүлзира Айдарбекова.

 
