Танымал продюсер әрі кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова өзіне қымбат сыйлық жасады.
Ол Instagram парақшасында видео жариялап, жаңа көлігін көпшілікке көрсетті.
Гүлзира Айдарбекова белсенді оқырмандарына осындай қымбат көлік жұғысты болуын тіледі.
Жарияланған видеоға қарағанда, кәсіпкер қазір құны 68 -83 миллион теңге аралығында тұратын BMW X7 көлігін сатып алған секілді.
Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың анасы үшін қуанып, оған жылы лебізін жаудырды.
«Құтты болсын тұлпарыңыз! Осындай өмірге лайықты жансыз», «Қуанышқа, тойға мініңіз, іші немереге толсын», «Гүлекеңнің ізімен жүре берейік, бізге жұғысты болсын», — деп жазды олар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова алдағы уақытта балаларынан бөлек шығатынын айтқан болатын.
«2-3 жылдан кейін Нұрекең екеуміз балалардан бөлек шығамыз. Екі қаланың ортасында жүрміз. Келіндерім Әйгерім мен Индираның әбден шайын ішіп алайын. Олар да бөлек шығамыз деп айтпайды. Қазір Нұрекең екеуміз шаруаларымызды бітіре алмай жүрміз. Сосын бөлек тұрғымыз келеді», – деді Гүлзира Айдарбекова.