STEPPENEWS.KZ: Бас прокуратураның мәліметінше, азамат ірі көлемдегі қаражатты талан-таражға салды деп айыпталуда. Тергеу нұсқасы бойынша, ол компания басшысы қызметінде жүріп, бір топ адаммен алдын ала келісім жасасу арқылы мемлекеттік сатып алу ережелерін айналып өткен. Нақтырақ айтқанда, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықтарды жалға алу туралы заңсыз шарт жасасқан.
Осы әрекеттердің салдарынан мемлекетке «Транстелеком» АҚ атынан 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті елден қашып кетіп, халықаралық іздеуге жарияланды. 2026 жылдың наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, кейін Қазақстан тарапының сұрауымен елге қайтарылды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Көрсетілген бап бойынша оның мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

