Кәсіби бокстан бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақтан әлем чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен кездесті.
Кездесу барысында түсірілген суретті Геннадийдің бауыры Максим Головкин Instagram парақшасында жариялады. Суретке GGG, Хабиб және Eagle FC промоушенінің басшысы Шамиль Завуров бірге түскен.
Айта кетейік, бүгінде Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті қызметін атқарады және әлемдік әуесқой боксты қадағалайтын World Boxing халықаралық ұйымының олимпиадалық комиссиясын басқарады.